«Mалшыбай селосының № 15 негізгі орта мектебі» КММ – інде өткізілген Қамқоршылық кеңесі отырысының

 

№ 2 ХАТТАМАСЫ

Өткізілген уақыты : 02.09. 2021 жыл

Мектеп директоры: Е.Ж.Қарабеков

Қамқоршылық кеңес төрағасы: С.М.Алиякпаров

Қатысқандар:

  1. Қамқоршылық кеңестің мүшесі: Б.Г. Сейітжанова
  2. Қамқоршылық кеңестің мүшесі: М.К.Баймағанбетов
  3. Қамқоршылық кеңестің мүшесі: Б.Б.Қабаева
  4. Қамқоршылық кеңестің мүшесі: Қ.Ж.Досанов
  5. Қамқоршылық кеңестің мүшесі: К.Д.Лабақов
  6. Қамқоршылық кеңестің мүшесі: Е.Б.Сағатов
  7. Қамқоршылық кеңестің мүшесі: М.М.Ниязова
  8. Қамқоршылық кеңестің мүшесі: Г.Т.Тусупова 

КҮН ТӘРТІБІНДЕ:

  1. Аз қамтылған, көп балалы, толық емес отбасы, мүмкіндігі шектеулі және қамқорлықтағы балаларды анықтау, зерттеу, базаны жаңарту.
  2. «Мектеп жол» қайырымдылық акциясын, Қамқоршылар күні мерекесін ұйымдастыру.
  3. Әр түрлі мәселелер

 

Тыңдалды: 1. М.К.Баймағанбетов

Мектеп оқушыларының отбасы жағдайын анықтау мақсатында мектептің әлеуметтік педагогы А.с.Игеновпен бірлесе отырып жұмыстар  жасалынды.

 

Тыңдалды: 2. М.М.Ниязова

Қамқоршылық кеңестің қолдауымен мектебіміздегі аз қамтылған, көпбалалы отбасы балаларына, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға қайырымдылық көмек көрсетілуін ұйымдастыру қажет. Мектептің қамқорлыққа алынған, аз қамтылған отбасынан шыққан, көп балалы жанұядан шыққан оқушыларды қолдау мақсатында балаларды татулыққа, жанашырлыққа, қайырымдылыққа тәрбиелеу мақсатында сыныптарда мерекелік іс-шараларды өткізіп, концерттік бағдарлама ұйымдастыру керек, іс – шараларға ата-аналар, мұғалімдер және демеушілердің ат салысуын басты назарда ұстау қажет. Қамқоршылар күнін ұйымдастыру. Қамқорлыққа алынған балалардың ата-аналарына алғыс білдіру үшін дөңгелек үстел ұйымдастырып, сый-құрмет көрсету.

 

Тыңдалды: 3. Б.Б.Қабаева

Жалпы жоғарыда ұсынылған мәселелерге алып қосарымыз жоқ. Мектептегі балалардың әлеуметтік жағдайы анықталып, базаны жаңартылғаны дұрыс шешім. Мектепшілік ұйымдастырылып отырған қайырымдылық акцияларында демеушілік жасаймын деушілер болса, хабарласып, ұйымдастырсақ деп отырмыз.

 

Қаулы етті:

  1. Мектептің әлеуметтік педагогымен бірге мектептегі оқушылардың тұрмыс жағдайын анықтау барысында, тұрмыстық зерттеу актісі толтырылсын.
  2. «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы мен Қамқоршылар мерекесі жоғары деңгейде ұйымдастырылсын.
  3. Акция барысында демеушілік жасауға ниет білдірушілерге қолдау көрсетілсін.

 

 

Қамқорлық кеңесінің төрағасы:                 С.М.Алиякпаров

                                   Хатшы:                 Б.Г. Сейітжанова

 

 

  1. Қамқоршылық кеңестің мүшесі: Б.Г. Сейітжанова
  2. Қамқоршылық кеңестің мүшесі: М.К.Баймағанбетов
  3. Қамқоршылық кеңестің мүшесі: Б.Б.Қабаева
  4. Қамқоршылық кеңестің мүшесі: Қ.Ж.Досанов
  5. Қамқоршылық кеңестің мүшесі: К.Д.Лабақов
  6. Қамқоршылық кеңестің мүшесі: Е.Б.Сағатов
  7. Қамқоршылық кеңестің мүшесі: М.М.Ниязова
  8. Қамқоршылық кеңестің мүшесі: Г.Т.Тусупова