№15 НОМ-де 2022 жылдың 26 қыркүйегінде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының қатысуымен Қамқоршылық кеңесінің комиссия мүшелері мектеп асханасына тексеру ұйымдастырылды. Мектеп оқушыларының тамақтану бөлімшесінің, тоңазытқыш камераларының санитарлық жағдайы, қоймалар мен басқа да азық-түлікті сақтайтын бөлімшелерінің тазалықтары тексерілді. Тоңазытқыштарда азық-түліктердің маркировкаларының, күнделікті сынаманың болуын, мектеп асханасында тағамның дайындау мен таратуда санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталуын, тамақтану бойынша бүйрықтың, Қамқоршылық кеңесінің тізімі, аз қамтылған оқушылар тізімі, ас мәзірінің болуы, ас мәзірінің оқушылардың дайындалған тағамымен сәйкестігін, ас мәзірінің әртүрлілігі мен сақталуы, ішу режимінің, тиым салынған тағамдардың тізімі, асхананың жұмыс уақыты болуы, қызметкерлерінің жеке бас гигиенасы ережелерін сақтауы бойынша тексерулер жүргізілді. Тексеру қорытындысы бойынша комиссия мектеп асханасының жұмысы қанағаттанарлық. Қамқоршылық кеңесінің комиссия мүшелері бірлескен жұмысы мектептегі тамақты ұйымдастыруды, оның сапасын бақылауға, қажетті түзетулер енгізуге, мектебіміздің әрбір оқушысының денсаулығын сақтауға мүмкіндік береді.
https://mektep15-zhez.edugov.kz/kz/mekteptegi-tama-tanu/114-15-nom-de-2022-zhyldy-26-yrk-jeginde-direktordy-t-rbie-isi-zh-nindegi-orynbasaryny-atysuymen-am-orshyly-ke-esini-komissiya-m-sheleri-mektep-askhanasyna-tekseru-jymdastyryldy.html#sigFreeId0439d0991a









